Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Сәуір, 2024

«Ғасырлар руханияты» атты көрме өтті

Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі өтті.

Іс-шараға Астана қаласының Мемлекеттік архиві, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы, Еуразия ұлттық университеті және  «Amanat» партиясының өкілдері, ғалымдар мен сала мамандары қатысты.

Көрмеге келушілер XVIII-XX ғасырларда жарық көрген араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған 30-дан астам сирек кездесетін кітаптар және 50-ге жуық қолжазбамен танысты. Сонымен қатар  Марал ишанның ұлы Қалмұхаммедтің, Сейітпенбет әулие, Бұқарбай батыр және Сердәлі бидің мөрлері мен Сыр өңіріндегі өнер иелері қолданған сегіз музыкалық аспаптары көрмеге қойылды.

Сондай-ақ қонақтар қазақ халқының рухани қазынасы болып саналатын өзге де көне, құнды жазба мұралар мен тарихи жәдігерлер туралы мәлімет алды.

230 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз