Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Қыркүйек, 2021

«Бұл тарих». Игита Коста-Рикаға қарсы матч туралы пікірін білдірді

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита ұлттық команданың әлем чемпионатында Коста-Рикаға қарсы матчынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  kazfutsal сайтына сілтеме жасап.

«Әлем чемпионатында қашан да қиын. Оңай матч жоқ, сондықтан жеңіл ойын күтпедік. 6:1 есебімен жеңдік, бірақ қарсылас та қақпамызға жиі қауіп төндірді. Бұл тарих. Әлем чемпионаттарындағы алғашқы матчымызда ешқашан жеңбеген едік. Мұз еріді, алға жылжи береміз. Жеңіс қашан да жақсы. Жігіттер жарады! Ойында осынша жанкүйеріміз болады деп күткен жоқпын, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын», - деді Игита.

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2021 турниріндегі алғашқы матчында Коста-Риканы 6:1 есебімен жеңген болатын. 

627 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз