Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанға көмекке миллиард доллардан астам қаржы жиналды

Женевада өткен конференция қорытындысы бойынша донорлар ауғандықтардың қажеттіліктеріне миллиард доллардан астам қаражат бөлуге уәде берді, бұл БҰҰ сұрағаннан екі есе дерлік көп, деп хабарлайды  БҰҰ Жаңалықтар орталығы. Конференция қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген БҰҰ басшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, кездесу ойдағыдай өткен. Оның жұмысына БҰҰ-ға мүше 96 елді қоса алғанда 156 тарап сондай-ақ 33 халықаралық және өңірлік ұйымдар мен 22 ҮЕҰ қатысқан.

«Халықаралық қауымдастық ортақ пікірде: қазір Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру керек», - деп атап өтті Гутерриш. БҰҰ басшысының айтуынша, ауған экономикасын қолдау қажет және оның құлдырауын болдырмауға көмектесу керек.

«Өздеріңіз білетіндей, үлкен қауіп бар, Ауғанстанда қолма-қол ақша жетіспейді», - деді ол. БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ның «Талибан» қозғалысынан екі құжатпен (бірінші тәліптер гуманитарлық операцияларды жүргізуге кепілдік береді, ал екіншісі – гуманитарлық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы) жазбаша міндеттемелер алғанын растады .

«Біз «Талибан» қозғалысының халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көріп отырмыз, яғни халықаралық қауымдастықтың ықпал ету тетігі бар», – деп сөзін толықтырды Антониу Гутерриш.

 

inform.kz

 

771 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз