Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 14 Қыркүйек, 2021

"Қолдар" картинасы. Бауырларыңыздың жақсылығы есте ме?

Бұл немістің ұлы суретшісі Альбрехт Дюрердің (1471-1528)  "Қолдар" атты картинасы...

"Нюрнберг түбіндегі бір қыстақта тұратын зергердің 18 баласы болды... 

Байғұс зергер сонша бала-шағаны асырау үшін ешқандай жұмыстан бас тартпайды.

Сонша баланың арасынан екі балаға әкесінің қасиеті жұғып, өнерге жақын ғана емес, арманшыл болып шығады. Бірақ оларды оқытуға әкенің жағдайы жоқ еді. 

Екі бала "Қайсымыз ұтсақ сонымыз оқимыз, ұтылғанымыз жұмыс істеп оқуға кеткеніміздің жағдайын жасайды. Сосын екіншіміз оқимыз" деп жеребе тастайды...

Альбрехтің айы оңынан түсіп, кескіндеме мектебіне оқуға кетеді.

Картиналары сұранысқа ие болып, қалтасына аздаған қаржы жиналған Альбрехт туған қыстағына келеді.

Әулет кешке дастарқан басына жиналған соң, Альбрехт баяғы әңгімені еске салып бауырына "Енді сен оқы, мен асыраймын" дегенде бауыры екі жанарына жас толып 

 - Жоқ, енді маған өнер жоқ. Мынау саусақтарымның арасында бүтіні жоқ. Шахтадағы ауыр жұмыстан әрқайсысы кемі бір рет сынды. Оған оң иығымда пайда болған артрит қосылды,- деп оқуға барудан бас тартады..

Кейінірек, Альбрехт Дюрер бауырының өзіне жасаған жақсылығын қайтару үшін осы картинаны салды..."

Бауырларыңның өздеріңе жасаған жақсылықтарын ұмытқан жоқсыздар ма? 

 

Өмір Шыныбекұлының фейсбуктағы парақшасынан

 

471 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз