Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстандықтар «World Clean up day 2021» акциясына қатысады

2021 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының аясында өтетін «World Clean up day 2021» Дүниежүзілік акциясына қатысады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Дүниежүзілік экологиялық акцияға қатысу арқылы қоқыс жинауға, тазалық мәдениетін жақсартуға және табиғатты аялауға, қоғамның экологиялық санасының дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндігі бар.

2021 жылы акцияға қатысу «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында «Ең мейірімді ЖОО» және «Ең мейірімді мектеп» номинацияларында қатысушыларды іріктеу үшін басты критерий болады.

 

462 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз