Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қыркүйек, 2021

Кірістер туралы декларацияны жасау ережелері бекітілді

ҚР Қаржы министрі тиісті бұйрықпен жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияның формаларын және оны жасау ережелерін бекітті.

Қаржы министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларация 2021 жылдан бастап есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл сайын ұсынылады. Яғни:

жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғалар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және олардың жұбайлары;

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз