Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 02 Қазан, 2021

Махаббат дегеніміз...

МАХАББАТ ДЕГЕНІМІЗ  ҮШ ӨЛШЕМ

БІР:

Тәуелділік-бұл көптеген адамдарда болады. Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тәуелді. Олар бірін -бірі мүжиді, бір -біріне үстемдік етеді және бір -бірін дүние-мүлік секілді төмен санайды. Әлемдегі жағдайлардың тоқсан тоғыз пайызында дәл осылай кездеседі. Сондықтан махаббат жұмақтың есігін ашпайды, тек тозақтың есігін ашады.

ЕКІ:

Тәуелсіз  екі адамның махаббаты.

Қақтығыс тұрақты  жалғаса беретіндіктен бұл да азап әкеледі. Реттеуге келмейтін, ымыраға келуге дайын емес, бір-бірімен қалай татуласу керектігін білмейтін,  екеуі де бір -бірінен  тәуелсіз адамдардың махаббаты. Ақындар, суретшілер, ойшылдар, ғалымдар ... олардың санасы тәуелсіздік  сияқты. Өмір сүретін барлық адамдармен бірге өмір сүруі мүмкін емес.

Олар тым қисық адамдар. Олар еркіндік туралы біледі, бірақ еркіндікке еркіндіктен гөрі немқұрайды қарайтын секілді, және бұнысы олардың бір -біріне өз кеңістігінде өмір сүруіне мүмкіндік бергенімен, қарым -қатынасы  үстірт болады.

Олар  жақсы көргеннен гөрі еркін болғысы келетіндіктен, ымыраға келгісі келмейді.

Олар бір -біріне терең енуге қорқады.

ҮШ:

Өзара тәуелділік.

Бұл өте сирек кездеседі, бірақ бұндай жағдай болса- жердегі жұмақ болмақ. Екі тәуелсіз адам, өлшенбейтін синхронда,  бірге тыныс алғандай,

Екі денеде бір жан бар сияқты болғанда, ол махаббатқа айналады. Тек осындай махаббатты тауып, бірге қалыңдар!

Алғашқы екеуі тек әлеуметтік, психологиялық және биологиялық шаралар арқылы пайда болады.

Үшіншісі-адамның осы дүниеден алатын махаббат пен бақытының шынайы рухани табиғаты болмақ.

 

Ошо Ражниш (1931-1990)

Аударған Амантай Тойшыбайұлы

 

1039 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз