Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 07 Қазан, 2021

Ауғанстанда бұрынғы мемлекеттік қызметшілердің мүлкі сатылады

Ауғанстанда бұрынғы үкіметтің құрамында жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің дүние-мүлкі сатылады. Сатылымнан түскен қаражат осы елдің электр энергиясы үшін қарызын жабу үшін жұмсалмақ, деп жазды Хабар24. 

Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл шара берешектің аз ғана бөлігін өтейді. Тәліптердің мәлімдеуінше, жиған-тергені талан-таражға түскен эксшенеуніктердің барлығы шетелге қашып кеткен. 

Айта кетейік, Ауғанстанның электр жарығын тұтынғаны үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Иран алдындағы қарызы 62 миллион долларға жеткен. Сондай-ақ «Талибан» билік басына келгелі электр энергиясы үшін ақша жинақтау деңгейі 70 процентке төмендеген. Энергетикалық компания берешектен құтылу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымынан көмек те сұраған.

 

965 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз