Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 11 Қазан, 2021

Төрегелді Шарманов: Біздің кемшілігіміз - тамақтану кезінде калорияға мəн бермейтіндігіміз

Біздің кемшілігіміз, тамақтану кезінде калорияға мән бермейтіндігіміз. Яғни, жеп отырған тағамымыздың құрамында ақуыз, май, көмірқышқылының қанша мөлшерде екендігіне жете көңіл бөлінуі қажет. Сапа деген санның бір-бірімен сәйкес келуіне тікелей байланысты. Мәселен, біз калорияны 100 пайыз деп алатын болсақ, ақуыз оның 11-12 пайызынан аспауы керек. 30 % май қышқылынан тұрса, 60 % көмірқышқылымен толығуы керек. 

Негізінен күнделікті тамақтану барысында осы мәселені басшылыққа алғанымыз жөн. Егер тамағымыз тек ақуыздан тұратын болса, онда оның денсаулыққа қауіптілігі жоғары. Ал, бірыңғай майдан тұратын тамақтар да зор қиындықтарға апарып соқтырады. 

Бүгінде күнделікті тіршілікте адам энергиясының шығыны аз болғандықтан, соған сәйкес тамақты да шектегеніміз жөн. Дұрыс тамақтанбаудың салдары түрлі ауру-сырқаудың туындауына апарып соқтыратыны айтпаса да түсінікті. 

Қазіргі кезеңде өте асқынып кеткен жүрек, қан тамырлары, қант диабеті, қатерлі ісік ауруларына төтеп беру үшін майлы, тез қорытылатын ақуызға бай тағамдардың мөлшерін азайтып, көкөністерді көбірек тұтынуға дағдылануымыз керек. Өйткені, көкөністердің құрамында басқа тағамдардың құрамында кездеспейтін дәрумендер бар.

 

Төрегелді Шарманов

 

846 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз