Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Сәуір, 2024

Астанада Гана елінің бір топ азаматы ұсталды

Астана қаласының полицейлері елімізде заңсыз жүрген Гана Республикасының бір топ азаматын ұстап, елден шығарды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Африка мемлекетінің азаматтары көші-қон заңнамасын бұзған. Байқоңыр аудандық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері олардың визада көрсетілген елде болу мерзімі немесе көші-қон карточкасында тіркелу мерзімі өткеннен кейін үш тәулік ішінде елден шықпағанын анықтаған. Сол үшін Гана Республикасының төрт азаматын елден депортациялады.

Қазір Астана қаласында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтау мақсатында рейд болып жатыр. Полицейлер шетелдіктердің заңнама талаптарын сақтауын және елден уақтылы кетуін бақылап отыр.

85 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз