Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 11 Қазан, 2021

Психологиялық тест. Суретке қарап, өзіңді таны

1.Аю 

Егер сіз бірінші суретті таңдасаңыз, сіз өте шыдамды адам болғаныңыз. Сіздің ішкі тұғырыңыз да мықты. Кез келген адамды сабырға шақыра аласыз. Сондай-ақ, батыл адамсыз. Егер осы суретті таңдаған жан балалы ана болса немесе балалы болуды жоспарлап жүрген әйел болса, баласына мейірімі ерекше жан болғаны. Өздеріңіз білесіздер, аю көпке дейін қонжықтарын бауырынан ұзатпайды. Қонжықтарына қамқор болумен қатар тіршілікке бейімдейді.

2. Көбелек

Егер суретке қараған бойда көзіңізге №2 сурет оттай басылса, онда сіз оптимист, айналаңызға шуақ шашқан ерекше жансыз. Адамдарға үміт сыйлап, үнемі өмірге құштардықтарын арттыратын кеңестер беріп жүресіз. Өзіңіз өзгерісті жақсы көресіз. Жайлылық аймағынан шығып, кез келген жағдайға тез бейімделесіз. 

3.Мысық

Сіз өзіңізге сенімді тұлғасыз. Көпшіліктің пікіріне ілесіп кетпейсіз. Интуицияңыз жақсы дамыған. Бойыңызда өзіңізге де беймәлім қасиеттер көп.

4. Тышқан 

Ешкімге опасыздық жасамайтын, адал, тәртіпті адамсыз. Көпшілік ортада көзге түскенді қаламайсыз. Сыпайы, сабырлы қалыпта, тыныш өмір сүрген ұнайды. Бірақ бәсекелесІңізден басып озу керек болған жағдайда, белсенділігіңіз күрт артып кетеді. Әділдікті, шынайы жеңісті қалайсыз .

 5. Қарға

Егер сіз  №5 суретті таңдасаңыз, бұл сіздің саналы, парасатты жан екеніңізді көрсетеді. Сіз көбіне жүрегіңіздің үнін тыңдамайсыз. Кез келген мәселеде “жүз ойланып, мың толғанып” барып, шешім қабылдайсыз.  Сізге эмоцияға берілу жат нәрсе.

 6. Жылқы 

Сіз мақсаты айқын әрі еркін жансыз. Мақсатыңызға жетуге баса мән бересіз. Саяхаттауды жаныңыз сүйеді. Ішкі ерік-жігеріңіз мықты.

7. Дельфин

Егер сіз  №7 суретті таңдасаңыз, онда сіз шығармашылық адамысыз. Ойға алған істеріңізді, бастаған бастамаларыңызды аяғына дейін жеткізбей қоймайсыз. Сізді айналаңыздағы адамдар жақсы көреді. Өте көңілді, ойыңыз, жан-дүниеңіз таза болғандықтан бәрі сізге үйіріліп тұрады. Өмірге құштарсыз. 

 

Дайындаған А.Əкімбайқызы

1443 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз