Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қазан, 2021

Елімізде көмір мен шикі мұнай өндірісі төмендеді

Қазақстанда көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді.

«2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда тамақ өнімдерінің, сусын, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің өсуі байқалды. Көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді. Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды», - делінген мәліметте. Биылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде өндірілді: - мұнай (газ конденсатын қосқанда) 62,4 млн тонна; - мыс кендері 91,4 млн тонна; - ұн 2,3 млн тонна; - бензин 3,5 млн тонна; - дизельді отын 3,8 млн тонна; - электр энергиясы – 83,9 млрд.кВт.сағ.

ҚазАқпарат

49 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *