Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қазан, 2021

Еліміздің үздік 30 ауылы анықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұлға-достық» қоғамдық қоры «Үздік 30 ауыл» республикалық жобасын жүзеге асырды. Осылайша әр өңірдегі болашағы зор елді мекендер анықталды.

«Үздік 30 ауыл» жобасының авторы – ақын, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан. Мақсаты – үздік ауылдарды анықтап, өзгелерге үлгі-өнеге ету, ауылын көркейтуге үлесін қосып жүрген азаматтарды дәріптеу, сол арқылы кәсіпкерлердің, жастардың назарын туған ауылға бұру.

Жоба аясында үздік ауылдар енген анықтамалық альбом жасалды. Оған әр облыстан 2-3 елді мекеннен кірді. Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы және Қызылжар ауданындағы Новоникольск елді мекені үздіктер қатарынан көрінді. Алматы облысының үздік ауылдары: Қарасай ауданының Шамалған ауылы Алакөл ауданының Жыланды ауылы Панфилов ауданының Көктал ауылы Ақмолаоблысыныңүздікауылдары: Целиноград ауданының Родина ауылы Жақсы ауданының Жақсы ауылы Ақтөбе облысының үздік ауылдары: Қобда ауданының Қобда ауылы Мәртөк ауданының Мәртөк ауылы Атырау облысының үздік ауылдары: Махамбет ауданының Махамбет ауылы Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылы Батыс Қазақстан облысының үздік ауылдары: Бәйтерек ауданының Дариян ауылы Тасқала ауданының Шежін ауылы Жамбыл облысының үздік ауылдары: Қордай ауданының Әлжан ана ауылы Т.Рысқұлов ауданының Абай ауылы Қарағанды облысының үздік ауылдары: Нұра ауданының Шахтер ауылы Нұра ауданының Қайнар ауылы Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылы Қостанай облысының үздік ауылдары: Қарасу ауданының Қарасу ауылы Федоров ауданының Федоров ауылы Қызылорда облысының үздік ауылдары: Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылы Маңғыстау облысының үздік ауылдары: Маңғыстау ауданының Онды ауылы Түпқараған ауданының Таушық ауылы Павлодар облысының үздік ауылдары: Шарбақты ауданының Орловка ауылы Ақсу ауданының Евгеньевка ауылы Түркістан облысының үздік ауылдары: Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауылы Кентау ауданының Байылдыр ауылы Шығыс Қазақстан облысының үздік ауылдары: Шемонаиха ауданының Камышинка ауылы Жарма ауданының Шалабай ауылы Үздік деп танылған ауылдардың өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында марапатталды.

inform.kz

677 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз