Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Қазан, 2021

Германияда тұрғындар пəтер бағасының қымбаттығына байланысты үкіметке талап қойды

Пәтер жалдауға қалта көтермей барады. Баға дегенге тоқтам жоқ. Бундестаг алдында Пәтер жалдаушылар одағының өкілдері жиылып мәселе көтерді. Жұртшылық жаңа үкіметтен баспана мәселесін шешуді сұрайды. Ол үшін қолжетімді үйлерді көбірек салу қажет. Ал жалдамалы пәтерлер Германия үшін өзекті мәселе. Бірнеше жыл бойы белсенділер пәтер жалдау ақысының өсуін тоқтатуға тырысып келеді. Мыңдаған адам қатысқан шерулерден кейін қала әкімдігі ірі концерндерден пәтерлер сатып алуға көшкен. Бірақ өзгеріс жоқ.  

Лукас Зибенкоттен, Пәтер жалдаушылар одағының президенті:

– Пәтер жалдау ақысы жылдар бойы өсіп келеді, бірақ біз мұны тоқтатқымыз келеді. Сондықтан алдағы 6 жылда бағаны көтермеуін талап етіп отырмыз. Және осы уақытта қолжетімді жаңа үйлердің құрылысын бастауға шақырамыз. Осылайша нарықты тұрақтандырып, лайықты баға қалыптастыруға үміттіміз. Коалиция құру келіссөздер кезінде саясаткерлер бұл мәселені қарастырып, заң деңгейінде шешім қабылдайтынын күтеміз.

24.kz

604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз