Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Қазан, 2021

Əділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды.

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен.

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

 

741 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз