Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2021

Тараз тұрғынынан марихуана тәркіленді

Тараз тұрғынынан 44 келіден астам килограмм марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Мерке автожолынан 4 шақырым жердегі Сарғау аймағында есірткі дайындап жатқан Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Сол маңды тексеру кезінде төрт қап барлығы - 44 килограмм 320 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі кезде Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша соталды тергеу басталды. Мұндай қылмыс үшін 10-15 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылады, сонымен қатар сотталушының мүлкі тәркіленеді», - деді Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

 

352 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз