Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 26 Қазан, 2021

Түркияға барып алданғандардың əрекеті өзгелерге сабақ болуы тиіс

Бір топ қазақстандық жерлестер біреуге алданып, Стамбулға келіпті. Олардың еніп келген адамдары жұмыс тауып беремін, табыс көзін оңай табуды үйретемін деп шақырып,  ізім-қайым жоқ болып кетіпті. Жұрттан жинаған ақша да жоқ, жұмыс та жоқ, табыс та жоқ.

Жақында әлеуметтік желідегі Түркия қазақтарының тобында осы көмек қолын созу дабылды хабарламасын оқып, шошындым. Қалай сонда, ересек адамдар жақын жер емес, шет ел асып біреуге сеніп келе береді екен? Бала шағасын ертіп түбегейлі көшіп келдік дегендер де бар арасында.  Соншалықты аңқау болуға бола ма?

Сені мұнда кім күтіп тұр, құшағын жая қарсы алса ең әрі кетсе бір сәтке ғана, сосын өз күніңді өзің көр деп, қаймана түрік түгіл бауырың да айтады ғой.

Жалпы біреуге сеніп жүргендерді суқаным сүймейді. Біреуге сеніп жұмысқа тұрам деп үміттенгендерді, әкесіне,  көкесіне сенгендерді, жігерсіз деп бағалар едім.

Түркияға келгендердің көбісі байер, медагент, турагент, коуч, мотиватор, сетевик т.б. және солай ақша табады немесе тапқысы келеді екен.

Ал осы жерден кәдімгі кәсіп ашып, жұмыс орынын ашып, қазақтарға жәрдем етіп жұмыс беріп жатқандарды міне нағыз ер дер едім. Жұмыс, кәсіп ашып оны дөңгелету, осы елдің заңдылығына мойынсұну мен оны сақтау, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Шетелдің азаматына мұнда кәсіп бастау оңай шаруа емес, заңдылығы өте қатал. Салықтары да  жетерлік. 

Байер, медагент, турагент дегендер көбіне салық төлемейді. Сондықтан оларға сеніп келу қауіпті, ешқандай заңдылықпен реттелмейді,  алдансаңыз шара қолдана алмайсыз. 

Бәлкім ол да еңбек шығар, бірақ тұрақты табыс көзі емес. 

Сондықтан дәл сондай жұмыс істесем бола ма деп Стамбулға көшсем қалай дейтіндерге айтарым:

Келсең кәсіп ашып өз күнімді көре аламын, болмаса жиған тергенім 5-10 жылға жетерлік деп келіңіз. Болмаса оқуға келетін болсаңыз ғана келуге болады.

Жалқауларға, немесе біреуге сеніп келгендерге мұнда жайма-шуақ өмір жоқ.

Бұл сізге ертегі елі емес, мұнда да кәдуілгі еңбекпен келетін өмір.

Мында мен көрген және солардың еңбектеріне шынайы басымды иген қазақтар бар. Олар өз кәсіптерін Стамбулдың төрінен ашып, отандастарына жұмыс орнын тауып бергендер. Олар да алданды, олардың да біраз өз жерлестерінен опық жеген кездері болды.  Бірақ соған қарамастан әлі де қазақтарға көмек қолын созып, ақыл-кеңестерін айтып келеді.

Осындай кісілерден мотивация алсаңыздар болады. Жат елде жаңа кәсіп ашып, түріктермен тіл табысып еңбек еткендер құрметке ие. Қазақстанда да қызметтерін тоқтатпай, ол жақта да салық төлеуші кәсіпкер. Міне, "еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген осы. 

Тек қана солай.

 

Раушан Ахметуллақызы Қилыбайтегі

Facebook парақшасынан

 

895 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз