Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 26 Қазан, 2021

Алексей Цойдың жаңа болжамы белгілі болды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жариялады.

«Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты. Атап айтқанда, пессимистік сценарий кезінде қарашада орташа тәуліктік тіркелетін жағдай саны 1 800-ге дейін, ал желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді. Нақты сценарийге сәйкес, қарашада 1 650, желтоқсанда 1 600 жағдай тіркелуі ықтимал», - деді министр. Оның атап өтуінше, оптимистік сценарий кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы қараша айында тәулігіне 1 500, ал желтоқсанда 1 100 болуы мүмкін. «Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуін жалғастырып жатыр», - деді Алексей Цой.

 

276 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз