Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Қазан, 2021

Елімізде коронавируспен ауыру көрсеткіші 11% төмендеді

Соңғы 2 аптада елімізде коронавируспен ауру көрсеткіші 11 пайызға төмендеді. Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Қазірдің өзінде әлемде коронавирус инфекциясының 244 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Ал бір тәуліктің ішінде 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,9 млн-нан астам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының мәліметінше, соңғы 2 аптада 54 елдің 35-інде ауру өсімі байқалған», - деді министр. Оның атап өтуінше, соңғы 14 күннің ішінде коронавирустың таралуы Польшада - 160, Венгрияда - 120, Грузияда - 110, Әзербайжанда 104 пайызға артқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының құрамына кіретін 19 елде коронавирустың төмендегені байқалады. Сонымен қатар ауру Израильде - 58, Испанияда - 28, Швейцарияда - 16, Черногорияда - 4 және Италияда 3 пайызға қысқарған. «Қазақстанда соңғы 2 апта ішінде науқастану 11 пайызға төмендеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.

 

330 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз