Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қазан, 2021

Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастар форумы өтті

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Төртінші онжылдықтағы тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық форумы өтті, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға Түркістан облысының белсенді жастары қатысты. Басқосу барысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы сөз алып, форумға қатысушыларға ізгі тілегін жолдады.

Сондай-ақ, «Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті және қоғам қайраткері, «Жастарға жол» Қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов, Түркістан арнайы экономикалық аймақ қызметкері «Болашақ» МБ түлегі Алмас Жақсылықов, жас ақын Рысгүл Досжанова, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерасыл Төлебаев, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек, «Ұлы Дала Елі Орталығы» гид-экскурсоводы Амина Егізбаевалар жастарды жігерлендіретін ой-мақсаттарымен бөлісті.

Сонымен қатар, форум аясында кәсіпкер жастардың көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара соңында жастар белсенді жастар марапатталды.

931 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз