Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қараша, 2021

Димаш Құдайберген Billboard хит-шеруінде алғашқы ондыққа кірді

Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні Billboard's Hot Trending Songs хит-шеруінде 6 орынға шықты.

Billboard's Hot Trending Songs – «Billboard» атты америкалық музыка журналының жаңа чарты. Бұл чарт әншілердің әні мен есімі Twitter қолданушыларының арасында қанша рет аталғаны бойынша рейтинг түзеді. Ал Billboard журналы жаһандағы музыкалық тенденцияларды және олардың нақты уақытта қалай талқыланып жатқанын бақылайды. Осыдан кейін бақылау қорытындысын басқа чарттардың нәтижесімен бірге жариялайды.

БхӨткен аптада «Fly Away» ең трендтегі әндердің алғашқы жиырмалығына еніп, 19-шы орынға ие болған еді. Осы аптаның қорытындысы бойынша Димаштың композициясы Twitter-дегі ең көп айтылатын және талқыланатын әндердің ондығына кірді.

Осылайша бір аптаның ішінде 13 сатыға көтеріліп, 6-орынға шықты. Димаш «Fly Away» композициясын алғаш рет 24 тамызда «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын. Димаш «Fly Away» композициясын алғаш рет 24 тамызда «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын.

Еске салсақ, аталмыш «Fly Away» әні Жапонияның FM Kiryu атты радиостанцияның эфиріне жол тартқан болатын.

 

2830 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз