- Qazaq gazetteri TV
- 14 Қараша, 2021
Алматыда "Шымбұлақ" тау-шаңғы кешенінің кезекті маусымы ашылды
Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» курорты тау шаңғысы маусымын дәстүрлі түрде ашты. Шаңғышылар мен сноубордшылар үшін жолдар күндіз де, түнде де қызмет етеді.
20 қарашаға қарай Талғар асуынан түнгі сырғанау өткізілетін «Талғар» трассасына қосымша жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ұзындығы 3640 метрді құрайды, ал жарықтандыру алаңы екі есе артады.
Отандық «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты ТМД және Орталық Азиядағы ең ұзын жарықтандырылған таудағы трасса болмақ. Ал Алматы тау шаңғысы инфрақұрылымының апгрейдерлерін барлық ниет білдірушілер көре алады, өйткені мұнда жаңадан келгендер үшін де, тәжірибелі шаңғышылар үшін де барлық жағдай жасалған. Жабдықтарды жалға беру пункті, нұсқаушылар жұмыс істейді, сонымен қатар туристерге түрлі қысқы ойын-сауық ұсынылады.
Бұдан басқа, «Шымбұлақ» ТК-да бірыңғай маусымдық ски-пассалар басқаша айтқанда, курорт қызметтерін пайдалануға болатын абонемент ұсынылуда.
Ски-пассаларды (бірыңғай абонементтерді) сату 28 тамыздан бастап іске қосылған, оларды сатып алу қысқы маусым бойы «Шымбұлақ» ТК және «Oi-Qaragai» ТК еш кедергісіз баруға мүмкіндік береді.
Шымбұлақта қысқы маусымның басталуына орай Тау шаңғысы мектебі күрделі жөндеуден өтті. Оған 9 қарашада бастап 3 жастан асқан балалар мен ересектер оқуға жазыла бастады. Жаттығуды сноуборд пен тау шаңғысы бойынша тәжірибелі супервайзерлер жүргізуде.
«Шымбұлақ» ТК хабарлағандай, мектепті реконструкциялаған соң бір терезе қағидаты тұжырымдамасы енгізілді, сондай-ақ келушілерді көбірек қамти алатын нұсқаушылардың саны артты.
Сондай-ақ, Алматы тұрғындары мен қонақтарын реконструкцияланған Shymbulak Resort Hotel екінші қабаты да қонақтарға есігін айқара ашты.
Досжан Балабекұлы
Алихан Жанарбек (видео)
28608 рет
көрсетілді0
пікір