Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 17 Қараша, 2021

Биыл елімізде 610 120 автөкөлік тіркелді - ұлттық статистика бюросы

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында 610120 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6%-ға көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3824,2 мың бірлікті құрады.

Сондай-ақ, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 9422 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13844 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,5%-ға көбейді.

Айта кетсек, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 27,2 млрд. теңге сомасында 60482 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

 

15112021-3k

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.

 

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі

 

2441 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз