Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қараша, 2021

Алматыда БАҚ нарығын дамытуға арналған ХІІІ Media Құрылтай басталды

Әлемдік журналистиканы өзгеріске әкелген COVID-19 пандемиясы БАҚ нарығына қалай әсер етті? Алдағы уақытта ақпарат құралдары қандай даму жолынан өтіп, қандай өзгерістерге дайын болуы керек? Қазақстан Баспасөз Клубы ұйымдастырған биылғы "Ковид дәуіріндегі медиа нарық. Қайта жүктеу және мәселелері" ХІІІ конференциясы медиа нарықтағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған.

Құрылтайдың алғашқы сессиясы "Пандемия дәуіріндегі медиа нарық. БАҚ-на деген сенім және қоғамдық пікірді басқару" тақырыбына арналды. Сессияның модераторы - Қазақстан Баспасөз Клубының Президенті Әсел Қараулова. Спикерлер - Қазақстан Медиа Альянс басқарма төрағасы Арманжан Байтасов, баспагер, exclusive.kz жетекшісі Қарлығаш Еженова, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер  орталығының президенті Гүльмира Илеуова және Евразия арнасының бас директоры Сергей Кисилев  қатысуда.

Спикерлер медиа индустрияға серпін беру, нарықтағы бақталастық пен басқару, БАҚ-қа сенім, ақпарат құралдары жайлы заңға өзгеріс қажет пе деген мәселелерді талқылауда.

834 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз