Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 30 Қараша, 2021

Семей жасөспірімдері 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады

Семей қаласында Kazakhstan Speedcubing Federation командасы алты жарым сағат ішінде 3 мың Рубик кубигiмен Елбасы портретін жинады.

Панноның биіктігі 2,8 м және ұзындығы 3,3 м. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кубик жинаушылар туындыны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.

Команда құрамына 11 сынып оқушылары Ертұрсынов Әлихан, Мырзакәрімов Әмір, сондай-ақ «Елбасы медалі» жобасының қола деңгей қатысушысы Расчетов Павел және колледж студенттері Рахатов Дилмар мен Қазез Жанат кірді.

Бұл – олардың биыл жасаған 4-жұмысы. Бұған дейін олар көрермен қауымға жеңіс күніне орайластырылған Әлия Молдағұлова, ақын-ағартушы Абай Құнанбаев және Әлихан Бөкейхановтың туған күніне арналған панно ұсынған.

Жұмыстардың негізгі мақсаты - Қазақстанда «Спидкубингті» насихаттау.

165 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *