Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Желтоқсан, 2021

Елбасы кітапханасының жаңартылған ресми сайты іске қосылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Елбасы кітапханасының жаңартылған ресми сайты іске қосылды, - деп хабарлайды «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Баспасөз қызметі.

Қажетті ақпаратты мен қызметтерді жылдам әрі оңай табуға, жаңалықтарды оқуға және Елбасы кітапханасы өткізетін қызықты іс-шаралар туралы білуге мүмкіндік беретін жаңа нұсқасы бұрынғыдан да ыңғайлы әрі мазмұнды болды.

Сайтты модернизациялау кезінде заманауи үрдістер мен әлемдік тәжірибе ескеріліп, оның архитектурасы жетілдіріліп, орналастырылған ақпарат жаңартылды. Нақты айтқанда:

- интерфейсті басқару жақсартылды. Сайттың барлық негізгі бөлімдері («Елбасы», «Біз туралы», «Жобалар», «Аңдатпа», «Жаңалықтар», «Келушілерге», «Пікірлер») бір жерде шоғырланып, қажетті ақпаратты жылдам табу үшін жоғарғы жолақта жинақталған;

- «Бағыттар», «Жобалар» тақырыптық блоктары, сондай-ақ бейне мен фотогалереялар енді басты бетте орналасқан және түртсеңіз шыға келеді;

- визуалды қабылдауды жақсарту үшін жаңа стиль әзірленді: негізгі беттегі шрифт пен элементтер үлкейтіліп, баннерлер түстері күшейтілді. Түс спектрі де өзгеріп, көзге жағымды болды;

- онлайн немесе оффлайн форматта экскурсияға өтінімді беру мүмкіндігі бар. Бұл үшін сізге «Келушілер» бөліміне өтіп, «Экскурсияға өтінім» қарапайым форманы толтыру жеткілікті;

- Елбасы кітапханасын және Кітапханасының Музейін «Виртуалды 3D тур» арқылы қашықтан көруге немесе «Бейнегалерея» бөліміндегі дайын бейнетурын көру мүмкіндігі пайда болды.

Жоғарыда аталғандар Елбасы кітапханасы сайтындағы пайдалы және өзекті ақпараттың бір бөлігі ғана болып табылады. Біз баршаңызды https://elbasylibrary.gov.kz мекенжайы бойынша жаңартылған сайтымызда көруге әрдайым қуаныштымыз.

235 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз