Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Желтоқсан, 2021

Ақтауда мереке күндері қоғамдық жолаушылар көлігі тегін қатынайды

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мереке орай қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктер, атап айтса № 2, 3, 3м, 4, 5, 8, 107 көліктердегі жол ақысы жолаушыларға тегін болады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

-Мереке күндеріне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі бұған дейін де ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы да қос мерекеге орай осындай жеңілдік жасауды жөн көрдік.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, егемендігіміз нығая бергей,-деді қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

1132 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз