Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 07 Желтоқсан, 2021

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 31 096-ға көбейді, 14 қазаннан бері бұл көрсеткіш бірінші рет 32 мыңнан төмен болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде жаңа жағдайлардың өсу үлесі – 0,32%. Атап айтқанда, бір тәулікте Санкт-Петербургте 2 381, Мәскеу облысында 2 208, Краснояр өлкесі мен Самара облысында 781, Воронеж облысында 717 жұқтыру жағдайы тіркелген. Қазіргі кезде 1 016 110 адам ем қабылдап жатыр. Өлім саны бір тәулікте 1 182-ге көбейіп, 283 644-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 184 болған. Штаб деректеріне сай, шартты өлім саны (нақты өлім саны эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) 2,88%-ға өскен. Сонымен қатар Ресейде коронавирустың алғаш рет «омикрон» штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған. Барлығы аталған рейспен келген 10 азаматтан коронавирус анықталды, қазіргі кезде олар оқшауланған.

 

158 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *