Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Желтоқсан, 2021

«Jastar Startup - 2021» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өңір жастарына (14 – 35 жас) арналған «Jastar Startup - 2021» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Жастардың, жас стартаперлердің кәсіби және тұлғалық дамуына көмектесуге бағытталған байқауда табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу, өнеркәсіптік және құрылыстық технология, робототехника, үздік лайфхак, 3D баспа және жаңа материалдар, гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар, экологиялық инновация, білім және медицина, туризм саласындағы инновация және т.б. тақырыптарды қамтитын 48 өтінім келіп түсті.

PHOTO-2021-12-07-09-33-27.jpg

Техникалық іріктеуден өткен байқау қатысушылары презентация-қорғау түріндегі ақтық сайысқа өтіп, үздік стартап жобаларды сараптау мақсатында жасақталған Конкурсттық комиссия мүшелерін өз жобаларын таныстырды.

Жеңімпаздар есімі елімізге танымал кәсіпкерлер мен IT саласының мамандарының қатысуымен өтетін TED форматындағы кездесуде белгілі болды.
Жобаның жаңалығы, әлеуметтік маңыздылығы мен жобаны қорғау деңгейі, жобаға қатысы бар жұмыс тәжірибесі бойынша «Arman» жобасымен Қалиев Қазбек Нұртасұлы жеңімпаз деп танылып, серіктестер ұсынған 150.000 теңге иеленді. Alternative Education жобасымен Абуов Расул Айдынович 100.000 теңгені қанжығасына байласа, «Қазақ мифологиясы» жобасымен Жунусова Малика Амирқызы 50.000 теңге қаржылай сыйлық алды.
 

813 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз