Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды. Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды.

Ведомство сайтының хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған.

«Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды. Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау», делінген хабарламада.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.

324 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз