Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Желтоқсан, 2021

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 18-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы болады. Бұған солтүстік-батыс циклонына байланысты атмосфералық фронтальды ауа ағыны өтуі ықпал етеді.

Қар жауып, көктайғақ, тұман, екпінді жел, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяз, 2 градус жылы, күндіз 3 градус аяз, 5 градус жылы, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылы, республиканың солтүстігінде және орталығында түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяз, шығыста ауа температурасы түнде 5-15 градустан 0-10 градусқа дейін аяз, күндіз 0-10 градус аяз, еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 5 градус аяз, 2 градус жылы, күндіз 2-13 градус жылы болады, – дейді синоптиктер.

 

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз