Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Желтоқсан, 2021

Ақтөбеде мұнайшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Ақтөбе облысының Покровка-Жаңажол бағытындағы жолда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды.

«17 желтоқсан күні сағат 18:45-те мұнай компаниясына тиесілі «ПАЗ« маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі Жарқамыс ауылынан Ақтөбе қаласына бағыт алған. Покровка-Жаңажол автожолының 13-шақырымында кедергі мен қауіп туындағанда ол жылдамдықты төмендетпей, жол бойында тұрған «КамАЗ« маркалы көлікпен соқтығысты», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жол-көлік апаты салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бір апта бұрын Ақтөбеде вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылар мінген көлік аударылып қалды. Бірнеше адам ауруханаға түсті.

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз