Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздікке 30 жыл: Президенттің құттықтау хаты қанша сәбиге жіберілді

Қазақстанда 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі күндері дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге baby-бокстар сыйға тартылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұған дейін жазғанымыздай, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай берілген «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы және баланың тууы туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Президенттің құттықтауында.

16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолдады.

«Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

749 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз