Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Желтоқсан, 2021

Елімізде коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 17 желтоқсанда ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы вирустан 12 912 адам қайтыс болған. Барлығы тіркелді – 982 915 жағдай, жазылып шыққандар – 952 750 адам.

Сондай-ақ министрлік ақпараты бойынша, 17 желтоқсанда коронавирус белгілері бар пневмонияның жаңадан 13 дерегі тіркелді. Емделіп шықты – 24 науқас. Қайтыс болғандар жоқ. 2020 жылдың 1 тамызынан 2021 жылдың 17 желтоқсанына дейін пневмониядан барлығы 5 195 адам көз жұмды. Ауырғандар – 83 632, жазылып шықты – 75871 адам.

363 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз