- Qazaq gazetteri TV
- 20 Желтоқсан, 2021
Медеу ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық мереке өтті

Алматы қаласы Медеу ауданының әлеуметтік әл-ауқат бөлімі мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде арнайы көмек көрсететін 2-бөлімшеден қызмет алатын 81 бала мен олардың ата-аналарына арнап, "Қош келдің Жаңа жыл-2022" мерекелік шарасын өткізді.
Шараға Медеу ауданы әкімшілігінің аппараты, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қонақтар аниматорлармен бірге көңілді ойындар ойнады. Сондай-ақ, балалардың салған суреттері мен қолдарынан жасалған бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды. Медеу аудандық әл-ауқат бөлімі мерекелік шараға келген балаларға арнайы сыйлықтар үлестірді.

34550 рет
көрсетілді0
пікір