Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Желтоқсан, 2021

Балқашта кезекте тұрған 21 отбасы пәтер алды

Балқашта халықтың әлеуметтік осал топтарынан 21 отбасы жаңа пәтер кілтіне ие болды. Тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.

Қоныс иелеріне пәтерлер Қоңырат шағын ауданындағы Балқаш көшесіндегі және 9 шағын ауданындағы №45 танхаустағы төрт үйден жалға берілді.

«Жылы әрі жайлы, кең, балалардың қуанышты күлкісі естілетін, бақыт пен өзара түсіністік орнайтын лайықты тұрғын үйдің болуы кез келген отбасының, әсіресе көпбалалы отбасының өмірінде өте маңызды. Бұл қамқорлық – тәуелсіз мемлекетіміздің азаматтарын қолдаудың ең үздік шараларының бірі. Қалада «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру одан әрі жалғасатын болады», – деп атап өтті Балқаш қаласының басшысы Ораз Тәуірбеков.

Шаршы метрдің иегерлері қатарында Балқаштың көп балалы тұрғыны Әлия Рыспекова да бар. Ол алты баланың анасы. Үлкен қызы 16 жаста, ең кішісі 2 жаста. «Күміс алқа» белгісімен марапатталған. Кезекте әйел бір жылдан астам уақыт тұрды, сондықтан ол әлі күнге дейін болған жағдайға сене алар емеспін дейді. «Бұған дейін біз бүкіл отбасымызбен пәтер жалдап, 70 мың төледік. Бұл отбасылық бюджет үшін өте қиын. Қазір жалға алу қолжетімді. Мен жөндеу жұмыстарын жүргіземін, үйге түрлі заттарды сатып аламын және күтпеген бақытқа қуанып отырмын», – дейді Әлия Рыспекова.

Бүгінде Балқашта тұрғын үй алу кезегінде 1 767 адам тұр.

386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз