Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Желтоқсан, 2021

Алматы зообағы амур жолбарыстарымен толықты

Алматы зообағына амур жолбарыстары әкелінді. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың аттары Лад пен Бентли. Әрқайсысы 2 жаста.

Бұл жануарлар бізге 27 қарашада Астана циркінен жеткізілді. Олар қазір арнайы карантинде. Жолбарыстар қажетті вакцинаны, витаминдерді, түрлі ауруларға қарсы басқа да екепе-дәрілерді алды, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл жыртқыштардың жағдайлары жақсы. Олар әлі жас болғандықтан қимылдары ширақ. Бір-бірімен алысып, ойнайды.

Жолбарыстарға күнделікті 6 келіден ет (сиыр, тауық, қоян еті) беріледі.

 

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз