Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Желтоқсан, 2021

Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды

Алматыда бас шыршаның шамдары жағылды.

Негізгі шара 20 метрлік шырша орнатылған «Астана» алаңында өтті. Салтанатты рәсімге Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты. Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр. Бас шырша жарықдиод гирляндалармен, жаңажылдық ойыншықтармен безендірілген.

Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңажылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар.

Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңажылдық керуен» ұйымдастырылады. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі.

30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады. Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады.

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз