Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 22 Желтоқсан, 2021

Автонарық: Қаңтар-қазанда елімізде 671291 жеңіл көлік тіркелді

2021 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан Республикасында 671291 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3795,2 мың бірлікті құрады.

1) 2021 жылғы қаңтар-қазанда 10912 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15995 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,8%-ға көбейді.

2) 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 30,4 млрд. теңге сомасында 67037 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.3)

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.

Дереккөз: Ұлттық статистика агенттігі

2437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз