Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Қаңтар, 2022

Омикрон əлемді жайлап барады

Омикрон коронавирустың өзге түрлеріне қарағанда жылдам жұғатын болғандықтан науқас саны күрт артып, дерт меңдеп барады. Біраз елде ауруханаларда орын жоқ. ПТР-тест те жетіспей жатыр. Ұлыбританияда омикрон штамының тарауына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсті. Ауруханаларда бос орын болмағандықтан жедел жәрдем көліктері сағаттап күтуге мәжбүр.

Ребекка Борн, медбике: - Жедел жәрдем бөлімінде 42 адам төсек-орынның босағанын күтіп отыр. Сондықтан оларды көлік ішінде емдеуге мәжбүрміз. 77 жастағы Алан Суидлофф осындай науқастардың бірі. Жүрегі сыр берген ол 20 сағат бойы төсек орынның босағанын күтті. Сондықтан екпе салдырмай жүрген адамдарға деген ашуын жасырмады.

Алан Суидлофф, науқас: - Вакциналауға қарсылар бұл тек өзіңді қорғау мәселесі емес екенінін түсінбейді.  Өзгелердің қамын ойламайды.

Австралияда да індет қайта дендеп барады. Жексенбіде елдің ең тығыз қоныстанған Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 30 мыңнан аса науқас анықталып, 16-сы бұл дерттен көз жұмды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Доминик Перротте, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі: - Бұл штатымыз үшін өте ауыр күн болды. Соңғы тәулікте 16 адам вирустан қайтыс болды. Вакцина алмаған адамдарды барып екпе салдыруын сұраймын. Ғылыми деректер алдамайды. Вакциналау өздеріңізді қорғап қалудың жолы екені айқын.

Мамандар омикрон штамы коронавирустың бұрынғы түрлеріне қарағанда жеңіл өтетініне көп айғақ көріп тұр. Ол тыныс алу жолдарының тек жоғары бөлігіне тарап, әдеттегі өкпе қабынуына әкелмейтін көрінеді. 

Нхи Нгуен, жансақтау бөлімінің дәрігері: - Жансақтау бөліміндегі науқастардың басым бөлігі дельта-штамын жұқтырған. Оларда жиі өкпе қабынып, ұзақ емделеді. Ал Омикронды жұқтырғандар аруханаға түскен жағдайда да, тез жазылып, оларды өкпені жасанды желдету аппаратына қосудың қажеті болмайды. 

Дегенмен, оның тез жұғуы мамандарды алаңдатып отыр. Ал бұл денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсіретіні анық. Әсіресе вакциналау қарқыны төмен елдерде тез тарап кетуі мүмкін. Сондай-ақ,  супермутация шығу қаупі де бар.

Еске салып кетсек, жуырда Кипрде коронавирустың жаңа түрі анықталды. Ғалымдар оны "дельта" және "омикрон" штамдарының гибриді дейді. Жаңа мутацияға "дельтакрон" деген атау берілген.

24.kz

784 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз