Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 16 Қаңтар, 2022

Қоғам тазаруы тиіс

Нұртөре Жүсіп, 
ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Қазақ Елі қатерлі сынаққа тап болғаны мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің үмітін жақты, сенімін орнықтырды. Еліміздің өмірінде жаңа дәуір басталып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкімет басшысын тағайындады, алдағы уақытта атқарылатын мәселелерді түгел санамалап айтты. Шегелеп тапсырмалар берді. Бұл шешімдер еліміздің дамуына, халқымыздың тұрмысының, әл-ауқатының одан ары көтерілуіне бағытталған. Халық мұны толық қолдайды. Баршамыз Президент саясаты аясында бірлесіп, тас түйін жұмылуымыз қажет. Президент ең өзекті мәселелері ортаға салды. Халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды ұсынды. 
Қалыптасқан күрделі жағ­дайдан шығу үшін «Қазақстан халқына» әлеуметтік-қоғамдық қоры ашылады. Оның қаржысы қатерлі ауруға шалдыққандардың қымбат еміне, операциясына, балаларға, бұқаралық спортты дамытуға арналған кешендер салуға, қызметтік борышын атқара жүріп опат болған құқық қорғау, әскери, азаматтық қызметкерлердің отбасына көмектесуге, зардап шеккен аймақтарға көмекке жұмсалады. Қаржыландыру – жеке және мемлекеттік қаржы көздерінен, шетелдік қайырылымдылық қорларынан болады. Байлығы асып-тасыған олихархтар жыл сайын қаржы құюы керек. Бұл өте өзекті мәселе. Адам астың өзін күшенбей ішеді, күшеніп босатады.
«Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысты шағымдар жиі келіп түседі. Қордың активі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызына жуығын құрайды. Бірақ қор ұлттық байлықты арттырды ма? Қордың үлкен жалақы алатын басшылары, қызметкерлері немен айналысады? Квазимемлекттік секторды түбегейлі өзгертуді тапсырамын. Егер оны реформалай алмасақ, ондай қордың біздің экономикамызда болмағаны дұрыс», – деген Мемлекет басшысы мәлімдемесін «Жаңа Қазақстанды» бірге құрайық!» деп тарихи сөзбен түйіндеді. Бұл жаңа өзгерістердің басталатынын аңғартады. Халықпен ашық жұмыс жүргізу қажет. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге көп нәрсе байланысты. Халқымыз «Ауруын жасырған өледі» дейді. Қоғам өткеннен сабақ алуы, тазаруы, жаңаруы тиіс. Түйеқұс секілді басын құмға тығып, елдің мұң-мұқтажына құлақ аспайтын кердең кезеңнен тезірек арылып, қуатты Қазақстанды бірге құруға ұмтылуымыз қажет.

508 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *