Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Қаңтар, 2022

Жамбылда төтенше жағдай аяқталса да, терроризм қаупінің «қызыл» деңгейі сақталады

Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанына қарамастан террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады.

Өңірде терроризмге қарсы операциялар аяқталған жоқ. Бұл туралы терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы хабарлады. Штабтың мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша күзет, іздестіру, анықтау шаралары және блок-бекеттердің жұмысы жалғасуда.

«Террористік қауіптің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына бірқатар әрекетке жол беріледі, оның ішінде жеке тексеріс және азаматтардың заттарын, көліктерін қарау, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеу немесе тыйым салу қарастырылады. Сондай-ақ, шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады»,-делінген хабарламада. Құқық қорғау органдары жұмысына түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауды өтінді.

Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

 

324 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз