Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қаңтар, 2022

Алматыда қаңтар оқиғасында істен шыққан «Сергек» камералары қалпына келді

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 75 «Сергек» кешені, яғни 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты.

Бүгінгі күні барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.

«Талшықты- оптикалық тарату жүйесі арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шықты. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр»,- деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар, биыл мегаполистегі 3 500 камераны жедел басқару орталықтарына қосу жоспарда.

266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз