Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 26 Қаңтар, 2022

Ертең Парламент Сенатының отырысы өтеді

27 қаңтар күні сағат 9:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады, деп хабарлайды жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді: 1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде. 2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 27 қаңтарда Сенат отырысына журналистер тіркелмейді.

Сонымен қатар, Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн түрінде көрсетілетінін хабарлаймыз. Отырыстан түсірілген фотосуреттерді, бейнежазба және өзге де материалдарды бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрауы бойынша ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі беретін болады.

267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *