Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қаңтар, 2022

Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан 30 жастағы тұрғын ұсталды

ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі бизнесіне қатысты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір арнасын анықтады. Ақтөбе қаласында есірткіні өндіріп, сатумен айналысқан 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің аталған арнаға қатысы бар күдіктілерді ұстау жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Ол кезде Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында бірқатар адам қолға түсті. Сатуға дайын 25 келіден астам есірткі және оларды жасауға арналған 3,5 тонна прекурсорлар тәркіленді.

Бес ірі есірткі зертханасы жойылды, олардың екеуі Қарағанды облысында, ал Нұр-Сұлтан қаласында, Павлодар, Ақмола облыстарында осындай бір-бір зертханадан жұмыс істеген. Арнайы операция барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырушысы мен оның 6 қатысушысы ұсталды. Олар Мефедронды Қазақстанда және одан тыс жерлерде жасап, өткізуді ұйымдастырған. Қылмыстық топтың әрбір қатысушысы өзіне бекітілген есірткі сату аумағына жауапты болған.

Сондай-ақ заттарды тасымалдау, дайындау және сақтау сияқты белгілі бір міндеттерді атқарған. Мәселен, төрт адам Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Қарағанды қалаларында психотроптық заттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Олардың бірі өз қызметін Ресей мен Грузия аумағында жүзеге асырған.

Тергеу барысында халықаралық қылмыстық байланыстар анықталып, ҚР ҚК-нің 264-бабы (Трансұлттық қылмыстық топты құру және оған басшылық ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша есірткі бизнесіне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында Қарағанды қаласында есірткі өндіру үшін прекурсорларды жіберумен айналысып келген қылмыстық топтың тағы 1 қатысушысы ұсталды. Жалға алынған гаражда «Альфа-PVP» жасау үшін қолданылатын химиялық заттар – прекурсорлар құйылған алты 30 литрлік пластикалық бөшке табылды. Күдіктінің байланыстарын пысықтау барысында үй жағдайында синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды.

Ұстау кезінде одан синтетиканың есірткінің бірреттік 5 дозасы, ал тұрғылықты жері бойынша тағы 8 түйіншек тәркіленді. Сонымен қатар қаланың әр жерінде тапсырыс бойынша «клиенттер» үшін дайындалып, жасырылған 55 түйіншек алынды.

Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы бір келіге жуық есірткіні құрады. Есірткі өндіру фактісін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Осылайша, тағы бір есірткі зертханасы жойылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, Ішкі істер министрлігімен синтетикалық есірткінің айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша мақсатты бағытталған бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда.

406 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз