Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қаңтар, 2022

Жауынгерлік даярлық – басты міндет

«Сарышаған» полигонында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері 06708 әскери бөлімінің артиллерист-жауынгерлері артиллериядан оқ ату оқу-жаттығуын бастап кетті.

Жауынгерлік даярлықтың жоспарына сәйкес жеке құрам біріктірілген есептоп құрамында артиллериянң 122 миллиметрлік Д-30 гаубицасынан көрсетілім атысын өткізді.

   Артиллериядан оқ ату жаттығуына командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Т.К. Байгғожин жетекшілік етті. Оқу-жаттығудың өту барысы командалық бақылау бекетінен қадағаланды.

   Атыс алаңына жайғасқан 2-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының артиллерист-жауынгерлері берілген тапсырмаларды орындауға дайын тұрды. Белгіленген уақытпен берілген пәрмен бойынша артиллерист-жауынгерлер артиллериядан оқ атты.

Бастысы – артиллериядае оқ ату жаттығуының көрсетілім атысы күткен нәтижені көрсетті. Артиллерист-жауынгерлер тарапынан ешқандай ауытқушылық болған жоқ.

Осы ретте 2-ші зеңбіректік артиллериялық дивизионының жеке құрамы асқан жауапкершілік танытқандығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, батарея командирлері атыс кезінде бір-бірімен тез арада тіл табысып, берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап шықты.

Думан Құрманғалиев

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

1068 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз