Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 17 Ақпан, 2022

Әлем және Қазақстан спорт жаңалықтары (5ші – шығарылым)

Әлем футболы 

1.Буффон мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін

«Парманың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, 44 жастағы ойыншы МЛС клубтарының ұсынысын қарастырып көруге дайын.

Буффон мансабын аяқтауға асықпайды. Қайта MLS-те бақ сынап көруге ниетті. Тәжірибелі қақпашы әлі америкалық клубтардан ұсыныс алған жоқ, бірақ кез келген нұсқаны қарастыруға дайын.

Айта кетейік, Италиялық аңыз қаөпашының «Пармамен» қазіргі келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.

2.Кавани «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

Эдинсон Кавани жазда «Манчестер Юнайтедтен» кетіп, испаниялық клубтардың біріне ауысуға ниетті.

Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Ральф Рангник Каванидің 2021/22 жылғы маусымының соңына дейін командадан кетпейтінін айтқан.

Айта кетейік, 34 жастағы Кавани Уругвай құрамасы сапында 128 ойынға (54 гол) қатысқан. Ал клубтық мансабында «Данубио» (30 ойын, 12 гол), «Палермо» (117, 37), «Наполи» (138, 104), ПСЖ» (301, 200), «Манчестер Юнайтед» (54, 19) командаларында доп тепті.

3.Роналду Instagram-да 400 миллион оқырман жинаған алғашқы адам болып отыр

"Манчестер Юнайтед" және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандар саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Gazeta.ru.

  37 жастағы шабуылшыға жазылушылар саны 400 миллионға жеткен. Бұл бүкіл планета тұрғындары арасындағы абсолют рекорд. Қазір әлеуметтік желінің өзінде 469 миллион оқырман бар.

Оқырмандар саны бойынша футболшының бәсекелестері - америкалық модель Кайли Дженнер (308 миллион) мен аргентиналық "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Лионель Месси (306 миллион).

 

Қазақстан футболы

1.«Ордабасы» клубтың жаңа президентін таныстырды

«Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті ресми сайланды.

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, директорлар кеңесінің шешімімен бұл қызметті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы атқаратын болды.

Бауыржан Әбдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген.

Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі. Қазақстан футбол федерациясы әйелдер футболы комитетінің төрағасы.

2002 жылдан бастап «БИІК» компаниясының президенті (құрамында «БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК бар).

Айта кетейік, «БИІК-Шымкент» футбол клубы үш мәрте әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан.

 

2. «Жерар Гоу - әлемдік деңгейдегі шебер». Ойыншының агенті оның «Ақтөбеге» қосылуына қатысты пікір білдірді

Жерар Гоудың агенті Сергей Новиков Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, ивуар шабуылшысының «Ақтөбе» ФК оқу-жаттығу жиынына қосылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Иә, Жерар шынымен де «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиынына қосылды. «Қасымпашамен» келісімшарты аяқталғаннан кейін ол жарты жыл бойы командасыз болды. Түрік клубымен соттасып, қиын кезең болды. Құдайға шүкір, футболшы үшін бәрі жақсы аяқталды - ол істі жеңді, бірақ алтындай қымбат уақытын жоғалтты. Гоу футбол ойнамай, клубтың үнемі қысымында болды.

Жерарға футбол ойнауға мүмкіндік бергені үшін «Ақтөбе» ФК басшылығына, команданың бас бапкеріне алғысымды білдіргім келеді. Ол шын мәнінде әлемдік деңгейдегі шебер, онымен келісімшартқа отырса, клуб қателеспейтінін іс жүзінде дәлелдейді. Ол клубқа маңызды тапсырмаларды шешуге көмектесетін шабуылшы - мен бұған күмәнданбаймын.

Оның артық салмағы туралы айтар болсақ, футболшы ұзақ уақыт үзілістен кейін келді, мұндай жағдай жиі кездеседі, сондықтан Гоу да солай. Бірақ оның салмағы, әрине, баспасөзде айтылғандай емес (106 кг - еск), ол көп жұмыс істеп жатыр және менің ойымша, 7-10 күннен кейін ол жалпы топта жұмыс істей алады. Бапкерлік штаб өз ісіне кәсіби тұрғыдан қарайды, ойыншыны оңтайлы бабына келтіруге тырысады.

Жерар тер төгіп, еңбек етіп жатыр, бапкердің алға қойған барлық тапсырмасын орындайды. Тағы да айтамын: Гоу – футбол алаңында бәрін сөзбен емес, іс-әрекетімен дәлелдейтін ойыншы. Сондықтан кейбір мәселесі мен артық салмағы туралы жазып жатқан сыншылардың бәріне жалынды сәлем айтамын, олардың сөзін жазда, маусымның соңында еске түсіреміз», - деді Новиков.

Бейнематериалды әзірлеген

Жанарбек Әлихан

 

24981 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз