Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Сәуір, 2022

Студент жастар философиялық мәселелерді талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасы «Қазіргі жастардың құныдылықтық әлемі: тәуелсіздік тағылымы» секциясының жұмысын сәтті аяқтады.

Ғылыми шараға шетелдік, бірқатар отандық оқу орындарының білімгерлері қатысты. Түркияның Ондокуз Майыс университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан-Ресей медициналық универсеитті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ҚР ҰҚК Шекара академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия, халықаралық қатынас, шығыстану, аударма ісі мамандықтарының, химия факультетінің студенттері мен жас ғалымдары терең ғылыми ізденістерін ұсынды. Студенттер мен жас ғалымдар әл-Фараби мұрасында байыпталған этикалық, әлеуметтік-философиялық идеяларды сараптап, қазіргі қоғам, мәдениет, саясат, білім саласы үшін өзекті мәселелерге терең философиялық  талдау жүргізді. Конференция жұмысының нәтижесінде жүлделі орынға ие болған жеңімпаздар есімі белгілі болды:

І дәрежелі диплом – ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 4 курс студенті Кәрімов Дамирге берілді.

ІІ дәрежелі диплом – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетің 3 курс студенті Сейтхази Мұстафаға берілді.

ІІ дәрежелі диплом – ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің 2 курс студенті Әбдіғафур Маржанға берілді.

ІІІ дәрежелі диплом – Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Имаматдинова Тумариске берілді.

ІІІ дәрежелі диплом – Абай атындағы ҚазҰПУ Философия мамандығының 3 курс студенті Асылбекқызы Мадинаға берілді.

ІІІ дәрежелі диплом – ҚР ҰҚК Шекара академиясының 1 курс магистранты Орақов Нұрбекке берілді.

ІІІ дәрежелі диплом – ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Жайлыбаева Фаризаға берілді.

ІІІ дәрежелі диплом – ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Сағдатова Әнелге берілді.

ІІІ дәрежелі диплом – ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің 3 курс студенті Жайлыбаева Сағындықова Айзатқа берілді.

Назгүл Құдайбергенова, PhD,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы

 

 

861 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз