Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 01 Мамыр, 2022

Алматыда дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы өтті

«Ұлан» республикалық  балалар мен жөсөспірімдер газеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,  журналистика факультеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі  «Жас тілшілер» форумы өтті. 


Еліміздің барлық өңірінен журналист болғысы келетін талапкерлер байқауға қатысу  үшін «Жас тілшілер форумына» шығармалар, эсселер, фото, аудио, видеоматериалдар мен графикалық жұмыстарын жіберді. Жеңімпаздар арнайы аталым бойынша марапатталып, университеттердің шығармашылық емтихандарын тапсыруда жеңілдікке ие болады.
Байқауға қырықтан аса оқушы қатысып, бақ сынады. ҚазҰУ-да өткен марапаттауда үш номинация бойынша балалар жеңімпаз атанды. Талдықорған қаласынан келген Әйгерім Есімхан «Жылдың үздік жас тілшісі» номинациясын иеленді. Қалған қатысушылар 1-2-3 дәрежлі дипломдармен марапатталды.


ХАТУ-да өткен байқауда оқушылар екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде оқушылар үй тапсырмасы ретінде берілген тақырыптар бойынша журналистиканың кез келген жанрында материал дайындады. Екінші кезеңінде университетке келіп, оқу орынының техникалық мүмкіндігін пайдаланып  екі сағаттың ішінде форум және  цифрлы журналистика бойынша контент дайындады. Бірінші орынды Сотүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданынан келген  Хайрлыс Жанерке жеңіп алды.
«Ұлан» газетінің редакциясында қонақта болған форум қатысушылары М.О.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрына барып «Бес бойдаққа бр той» қойылымын көрді.  Театр актерлері Еркебұлан Дайыров пен Шынар Асқаровамен кездесу өткізіп, сұқбаттасты.

 
Жас тілшілерге заманауи медиа машықтарын үйрету үшін «Ұлан» газетінің тілшісі, ХАТУ студенті Нұрлыхан Жұмахан «СММ және мақаланы әлеуметтік желіде жариялау» бойынша фотошоп және басқа да техникалық бағдарламалармен жұмыс істеуді көрсетті. Шара барысында форум қатысушылары белгілі психолог Жаннұр Дәренбекованың қатысуымен бала мен ата-ана, мұғалім арасындағы байланыс пен балалардың ешкімге айта алмайтын мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, пікірлесті. 
Форум соңында қатысушыларға арнайы марапат қағазы мен «Ұланның» брендті стикерпактары мен сыйлықтар табысталды.

Нұрлыхан ЖҰМАХАН

 

25032 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз