Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Мамыр, 2022

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Биыл топ-дивизионда Қазақстан құрамасы да сынға түседі.

Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.

Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, биыл жаһандық дода 85 мәрте жалауын көтереді.

Әоем чемпионатындағы алғашқы ойында Германия мен Словакия құрамалары арасында өтеді.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді.

Қазақстандық хоккейшілердің бүкіл ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

429 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз